«Әділет» партиясының жастар қанаты қолға алған ауқымды «Таза Qazaqstan» Road-эстафетасы аясында қатысушылар 474 шақырымға жуық жол жүріп, Ақмола және Павлодар облыстары аумағында 40 тоннаға жуық қоқыс жинады. Сондай-ақ эстафета барысында Құрылтай депутаттары азаматтарды қабылдады.Мәселен, Құрылтай депутаттары, «Әділет» партиясы фракциясының мүшелері Айнагүл Балташева, Ерқанат Мұсылманбек және Юлия Кучинская Ақмола облысы Ерейментау ауданында өткізген қабылдау барысында халық қалаулылары 20-дан астам тұрғынның ұсыныс-тілегіне құлақ түрді.«Тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары – өңірлердің нақт...